Басқару серверіне құрылғыларды табу және бағдарламаларды даналарға орнату құқығымен IAM рөлі тағайындалмаса, IAM пайдаланушысы есептік жазбасы Kaspersky Security Center-мен жұмыс істеу үшін қажет. S3 себетін пайдалансаңыз, Басқару сервері деректерінің тапсырмасын сақтық көшірмелеу үшін де дәл осы есептік жазба немесе басқа есептік жазба қажет. Қажетті құқықтары бар бір IAM пайдаланушысының есептік жазбасын немесе екі түрлі есептік жазбаны жасауға болады.
IAM пайдаланушысы үшін IAM қатынас кілті автоматты түрде жасалады, оны бастапқы конфигурациялау кезеңінде Kaspersky Security Center-ге ұсыну керек. IAM қатынас кілті, қатынас кілтінің идентификаторы мен құпия кілттен тұрады. IAM сервисі туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі AWS анықтамалық беттерін қараңыз:
Қажетті құқықтары бар IAM пайдаланушысының есептік жазбасын жасау үшін:
AWS басқару консоліндегі қызметтер тізімі
Пайдаланушы аттары тізімі мен құралмен жұмыс істеуге болатын мәзірі бар терезе ашылады.
Рұқсаттарды қосқаннан кейін, оларды мұқият қарап шығыңыз. Параметрлерді таңдау қатесі болған жағдайда, алдыңғы экранға өтіп, параметрлерді қайтадан таңдаңыз.
Жасалған есептік жазба AWS есептік жазбаңызға сәйкес келетін IAM пайдаланушысы есептік жазбаларының тізімінде көрсетіледі.
Kaspersky Security Center-ді бұлттық сегментте орналастырған кезде, IAM пайдаланушы есептік жазбасын пайдаланып жатқаныңызды көрсетіп, Kaspersky Security Center-ге қатынас кілтінің идентификаторы мен құпия қатынас кілтін беруіңіз қажет болады.
Осы құжатта көрсетілген веб-беттердің мекенжайлары Kaspersky Security Center шыққан күні дұрыс болып саналады.